Мәскеудің маңындағы көп қабатты үй салынып жатқан жерде шыққан өрттен 11 адам қаза болып, 4-еуі жараланған. Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрліктің хабарлауынша, қаза болғандар құрылыс алаңында тұрып жатқандықтан, өрт электр желісінен шыққан болуы мүмкін деп отыр. Құрбан болғандардың бәрі Ресейдің батыстағы қаласы Смоленскіден екен.