Ирақ парламентінің отырысы сенбіде өтеді

Бүгін өтеді деп жоспарланған Ирақ парламентінің жаңа үкімет құруды талқылау жөніндегі жиналысы сенбіге қалдырылды. Шиитер Одағының отырысы да сенбіге қалды. Ирақ премьер министрі Ибрахим ал Жаафари, Шиитердің біріккен Ирақ Одағына қайрылып, өзін екінші рет үкімет басшысы қызметіне бекітуін сұрады. Оның үкімет басы болуына күрдтер мен сүнниттер қарсы.