Ауғанстанда жаңа министрлер тағайындалды

Ауғаныстанның жаңадан құрылған парламенті президент Хамид Карзай ұсынған 25 министрді бекіту үшін дауыс берді. Президенттің сыртқы істер бойынша кеңесшісі болған Рангин Дадфар Спанта елдің сыртқы істер министрі қызметіне бекітілді. Ал Ауғанстан қорғаныс министрі Абдул Рахим Уардак өз қызметінде қалды. Елдің ішкі істер министрлігін енді Зарар Ахмад Моқбел басқаратын болды.