Иран елшісі өз елі Атом қуаты агенттігімен өзара ынтымақтастықта болатынын айтты

Иранның Халықаралық атом қуаты агенттігіндегі елшісі Әли Асғар Солтаниенің айтуынша, Техран ол агенттікпен өзара ынтымақтастық байланысты жалғастыра бермек. Техран ядролық бағдарлама төңірегіндегі өзара түсінбестікті жоятын болады, деді елші. Ал БҰҰ-дағы атом агенттігі, сәуірдің соңында, Иранға қойылған талаптың нәтижесі туралы қауіпсіздік кеңесіне баяндамақ.