Әлемдегі экономикасы қуатты саналатын жеті елдің қаржыгерлері мұнай бағасының аспандай түсуі ғаламдық экономиканың дамуын тежейді деп атап көрсетті

Олар мұндай мәлімдемені Вашингтондағы талқылаулардан кейін жасады. Жұма күнгі саудада АҚШ-та мұнай бағасы жаңа рекордтық деңгейге жетіп, бір баррель мұнай 75 доллардан асқан болатын. Қуатты жеті ел - АҚШ пен Франция, Британия, Германия, Канада, Италия, Жапонияның қаржы министрлері Қытай мен мұнай өндіруші негізгі елдер - Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің және Ресейдің өкілдерімен мұнай бағасы мәселесін талқылады.