Хамас үкіметінің аталған шешімінде экстремистер жетекшілерінің бірі Жамал Әбу-Самхаданның басшылығымен жеке қауіпсіздік күштерін құру қарастырылған еді. Палестина заңдарына сәйкес автономия басшысы үкімет пен қауіпсіздік күштері қатарындағы негізгі қызметтерге ұсынылған кандидатураны бекітпеуге хұқы бар. Ал бүгін Хамас үкіметінің қауіпсіздік күштерін құрамыз деген жоспары бойынша Палестина басшылығының пікірі екіге жарылды.