Ядролық бағдарламасына байланысты Иранды оқшаулау қажет деген АҚШ-тың шақыруларына Ресей өз қарсылығын танытуда

Ресей қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Николай Спасский АҚШ пен Британияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Иранға қарсы санкциялар салу мүмкіндігін қарастыруды сұрау туралы келіссөздерін кері қақты. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс Америка Иранның ядролық бағдарламасы алаңдататын басқа да елдердің бұл әрекеттерге қосылғанын қалайды деп атап көрсетті. Қысым жасау арқылы Ресей мен Иран арасындағы сауда байланыстарын азайтып, Тегеранға зымырандық қару жүйелерін сату жоспарын жүзеге асырмауға болар еді деген. Сондай-ақ, Вашингтон Мәскеуден Иранның Бушер атом электр станциясының құрылысына қатыспауды өтінді. АҚШ пен Ұлыбритания егер Иран уран өндіруді Қауіпсіздік кеңесі белгілген соңғы мерзім 28 сәуірге дейін тоқтатпаса, мәжбүрлі шараларды қолдануды сұраймыз деп ескертті.

Американың қарулануды бақылау дипломаты Иранның уран байыту жөнінде айтқандары рас болса, ол 10-шақты ядролық қаруға жеткілікті қор жинап алған болуы керек дейді. Бұл ойды Роберт Джозеф кеше Вашингтонда журналистер алдында мәлімдеген.

- Ирандықтар 110 тонна УФ-6 уран байытып алғандықтарын айтуда. УФ-6 центрифугаға шикізат ретінде қолданылады. Бұл оннан астам қаруға жеткілікті, - деді ол.