Ирақ парламенті бүгін сессиясына жиналды

Парламент ел басшылығын сайлауға тиіс. Ирақ президенті сайланады, жаңа үкіметті жасақтау басталады деп күтіліп отыр. Басымдылыққа ие шиит одағы бас министр қызметіне кеше Яуад Әл-Мәликиді ұсынды. Араб сүннитері мен күрд саясаткерлері Әл-Мәликидің кандидатурасын мақұлдайды деген мәлімет бар. Бұл саясаткерлер қазіргі бас министр Ибрағим Әл-Жафаридың кандидатурасына қарсы болып, мәселе бірнеше ай шешілмей тұрды.