Аталған үкімет құрамына шиитер, сүнниттер және күрд өкілдері енетін болады. Басты мақсат - ел бірлігіне қол жеткізіп, елдегі көтерілісшілер мен сектааралық қақтығыстарды ауыздықтау. Әл-Мәлік мырза сенбі күні тағайындалды. Ирақта бір айға созылған саяси дағдарыстың шешімін тапқандығымен құттықтап АҚШ президенті Джордж Буш ел басшыларына телефон шалды. Буш мырза оларды ұлттық бірігу үкіметін тез арада жасақтауға шақырды.