Қазақстанда электр қуатын, мұнай өнімдерін және газ сататын компаниялар арасындағы баға келісімімен делдалдардың кесірінен бәсеке таласы әділетсіз жүргізіліп келеді. Бұл туралы Астанада көкектің 25 күні үкімет отырысында премьер-министр Даниял Ахметов хабарлады. Бұдан былай баға келісімімен келісе беруге болмайды, сондықтан тиісті органдар бұл жағдайды реттеу керек, деді Ахметов.
Премьер-министр Даниял Ахметовтың айтуынша көптеген монополистер делдалдар арқылы жұмыс істеуді әдетке айналдырған.
«Тіпті, «Қазтрансгаз» компаниясының өзінде делдалдар көп», - деді ол.
Осылайша премьер газ бағасы қымбат деген пікірін білдірді. Ал, «Қазтрансгаз» компаниясының бас директоры Серік Сұлтанғалиевтің делдалдар туралы пікірін сұрауға мүмкіншілік болмады, бірақ, оның айтуынша, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстан үшін газ бағасы қымбат емес:
- Қазақстанның газын биылға сақтап қалдық. 55 долларға қол қойдық, өзбек бауырларымызбен. Сондықтан, биылға аса шошитындай жағдай жоқ, тәуба.
Ал, Премьер-министр Даниял Ахметовтың айтуынша, электр қуатын, мұнай өнімдерін сатуда және газды Оңтүстік пен Солтүстік аймақтарға жеткізуде делдалдар көп. Премьер осы олқылықтарды шешу үшін монополияға қарсы заңды дереу жаңартуды тапсырды. Қазақстанның Монополияға қарсы агенттік төрағасы Бақытжан Сағынтаев, жағдайды жөндеу үшін заңды қаталдату керек деп отыр.
- Табиғи монополия субьектілері көмір, мазут және басқа да жанар-жағар майды сатып алған кезде делдалдар арқылы алады. Ал, олар зауыттан немесе кеніштен шыққан бағамен алмайды. Мысалы, біз заңға қазір өзгеріс енгізіп жатырмыз, табиғи монополия субьектісі тек қана делдалсыз алу керек деген. Бір мысал, «Астанаэнергия» компаниясы, өткенде өздеріңіз білесіздер, тарифті 55 пайызға көтереміз деп шыққан. Ал, олар көмірді делдалдардан 161 теңгеге қымбат алады. Заң түрінде оларға қайшылық жоқ. Сол себептен заңға өзгеріс қажет, - дейді Бақытжан Сағынтаев мырза.
Ал, Сағынтаев сөз қылған энергетиктердің бірі - «Астанажылутранзит» кәсіпорнының бас директоры Айтмұхан Жұмабаев болса, заң өзгеріп, монополияға қарсы агенттік тарифтерді реттеуге араласатын болса, жағдай қиындап кетуі мүмкін екенін айтады.
- Өйткені, бізде мысалы, Астананың жылу жүйесі тозған. Уақытында айырбастамасақ, ол жылдан жылға тозады. Оны халық төлеу керек. Егер, халықты ойласақ, онда жергілікті бюджеттен субсидияны ойластыру керек, - дейді «Астанажылутранзит» кәсіпорнының бас директоры.
Ал, Парламент сенатының депутаты Тасбай Симамбаев, ірі компаниялар бұл өзгерістерді енгізбеуге тырысып бағатыны айдан анық деген сенімде:
- Мен ойлаймын, қазіргі қабылдаған заңымыз дұрыс. Оны үлкен компаниялар, олигархтар лобби жасап, заңды қайтармақшы болған.
Қайсібір сарапшылардың пікірінше, монополистердің кесірінен Қазақстанда көптеген басқа да бағалар өсіп келеді. Ал қаржы министрінің орынбасары Асқар Елемесовтың айтуынша, Қазақстандағы баға өсудің негізгі себебі мұнай құнына байланысты.
- Әр жерде Ресей, Қытай, Украина болсын бағалар өсіп жатыр. Неге? Мұнай бағасы тек Қазақстанда емес, дүние жүзінде өсіп жатыр. Өткен жылы 40 доллардан 70 долларға дейін жетті. Енді мұнай шикізат, бірақ, одан бензин, керосин, мазут өндіріледі. Оның бағасы өскенде ол әр тауарға кіреді. Себебі, қандай тауар болса да сіз оны қоймадан дүкенге әкелу үшін бензин қолданасыз, дұрыс па? Бензин бағасы екі есе өссе, басқа тауарлар бағасы 3-4 есе өседі, - дейді қаржы вице-министрі А.Елемесов.
Мұнай баррелінің бағасының қымбаттауы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларының табысын ұлғайтқанымен, тұрғындардың басым көпшілігі кезекті рет жанар-жағар май бағасының қымбаттауына көнуге мәжбүр болып отыр, дейді кейбір сарапшылар. Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировтың сөзіне сүйенсек, жанар-жағар май бағасы көп жағдайда маусым кезінде бәрібір қымбат болады. Ал, Астана тұрғындары болса, премьер айтқан электр қуатын, мұнай өнімдерін және газ сататын компаниялар арасындағы баға келісімімен делдалдардың кесірінен коммуналды тарифтер көтеріліп сала береді деп шағымданады:
- Қазір пәтер төлемінің өзі қымбат, мысалы, 3 бөлмеге 15 мың төлейміз.
- Бірінші, бәрі қымбаттайды, содан кейін еңбекақы бірнеше айдан кейін көтеріледі. Ал зейнеткерлерге қиындау ғой. 30 пайыз ғана қосылды еңбекақыға да зейнетақыға да, ал, коммуналды қызметтер 40-50 пайыз қосты.
- Коммуналды қызметке төлеу керек, сондықтан қосымша жұмыс істеймін. Ештеңеге жетпейді.
Ал, әлімдік банк өкілдері Қазақстандағы монополияға қарсы заң ескіргенін айтқан-тұғын. Кейбір сарапшылар осы заңның олқылықтары кесірінен мегахолдингтер шағын кәсіпорындарды базарға кіргізбей, бәсеке таласын әділетсіз етеді деген пікір білдіреді.