Украина Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың 20-жылдығын атап жатыр

Чернобыль қаласында өткен еске алу шарасында президент Виктор Ющенко осыдан 20 жыл бұрын апат ошағында украиндық қаһарман азаматтар болашақ үшін, жарқын өміріміз үшін қаза тапты деп сипаттады. Украина парламенті бүгінгі арнайы сессиясында Чернобыльдың миллиондаған құрбандарына көбірек көмек көрсетілсін, апат шындығы толық ашылсын деп талап қойды.