ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Вашингтонда Әзірбайжан лидері И.Әлиевпен кездеседі. Екі жақты келіссөз барысында энергетика проблемалары және Иранның ядролық бағдарламасы мен Ауғанстандағы азаматтық бостандық мәселелеріне ден қойылмақшы. Ең басты назар - Әзірбайжанның мұнай қоры мен Иранның ядролық бағдарламасы маңайындағы жанжалға қатысты И.Әлиевтің атқаратын рөліне аударылуға тиіс. Осыған дейін И.Әлиев АҚШ-тың Иранға қарсы кез-келген іс-қимылына өзінің көмек бере алмайтынын мәлімдеген болатын.