Ол апта басында рұқсат етілмеген ереуілге қатысты деп табылды. Осындай айыппен оппозицияның төрт жетекшісі, олардың ішінде президентікке кандидат болған Александр Милинкевич те түрмеге отырғызылды. Олар 19 наурызда өткен президенттік сайлау бұрмаланды деп келеді. АҚШ және Еуропа Одағы Беларус оппозициясы басшыларының түрмеге отырғызылғанына сөгіс айтты. Ресей президенті Владимир Путин кешегі сөзінде Беларус үкіметінің қимылдарына қолдау танытты.