Бүгін өзбек шекарашылары көрші Қазақстанның ауыл тұрғындары 2 өзбек сақшысын соққыға жығып, біреуін күштеп алып кетті деп мәлімдеді. Шекара күзеті бойынша мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, шекарадан өзбек жағына заңсыз өтейін деп тұрған ауыл тұрғындары өздерін тоқтатпақ болған 2 шекарашыны соққыға жыққан көрінеді. Бұл – қазақ-өзбек шекарасында соңғы аптада болған екінші төтенше оқиға. Күні кеше ғана Қазақстан шекарашылары өз территориясында қазақ жастарының ізіне түскен өзбек сақшысын ұстағанын хабарлаған болса, өткен сәуір айында өзбек сақшыларының шекарадан өтіп қазақ азаматын ұрып-соғып, Өзбекстанға күштеп алып кетуіне ресми наразылық жолдаған болатын.