Бүгін адам құқын қорғайтын халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы Ауғанстан президенті Х.Қарзайды адам құқын аяққа таптаған аты-шулы озбырлар мен дала қолбасыларын өлкелік полиция басшысы лауазымдарына тағайындамауға үгіттеді. Алдағы күндері Х.Қарзай елдің 34 өлкесінің әрқайсысына полиция бастықтарын тағайындауға тиіс.