Шығыс Еуропа және ТМД елдері арасындағы жанжалдарды шешуге Брюссель көмектеседі

Бүгін Еуропа Одағының сыртқы саясатының басшысы Хавьер Солана Брюссель Шығыс Еуропа мен бұрынғы совет республикаларындағы “тоқтатылған дау-дамай” деп аталған жанжалдарды шешуге Брюссельдің көмектесетінін мәлімдеді. Бірақ, деп ескертті Еуроодақ өкілі, жанжалды басу үшін оған қатысушы жақтардың өз ықыластары болуға тиіс. Хавьер Солананың айтуынша, бұл істі “жаңа демократиялық мемлекеттер” бастауға тиіс.