Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер - Иран, Пәкістан, Түркия, Әзірбайжан мен Ауғанстан және Орталық Азияның бес мемлекетінің өкілдері бұл бас қосуда экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылайтын болады. Сондай-ақ виза мәселесі мен Алматы-Стамбул арасында поезд қатынасын ашу да күн тәртібінде. Дегенмен де Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бұл тоғызыншы саммиті Иран президенті Махмұд Ахмеденижадтың қатысуына байланысты Иранның ядролық дағдарысын да назардан тыс қалдырмайтын сияқты.