БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешу үшін Иранмен тікелей келіссөздерге баруы керек дейді

Кофи Аннан Америка теледидары арқылы берген сұхбатында АҚШ Иран мен Европаның басқа елдері арасындағы келіссөздерге толыққанды қосылуы керек, өйткені ол келіссөзге Вашингтонның қатыспауы Тегеранды тежей береді деп атап көрсеткен. АҚШ-тың 1980 жылдан бері Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ.