АҚШ Қоғаныс министрі Д.Рамсфелдтің Ирақ соғысы қарсаңындағы мәліметіне сенбейтіндер баршылық

АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфелд Саддам Хұсейн режимі кезінде Ирақтағы жаппай қырғын қарулары жөнінде жалған дерек таратты деп өзіне тағылған айыпты жала деп отыр. Атлантада мамырдың 4-індегі кездесуде соғысқа қарсы белсенділер Рамсфелдтің сөзін бірнеше рет бөліп айқай салған. Ал бұрынғы барлау агенттігі талдаушысы Ирақтағы соғыс алдында жалған деректер тараттың деп Рамсфелдттің өзін тікелей айыптаған.