Туризм және спорт министрлігі қазақстандық туристік визаның консулдық жиналымдарын азайтуды жоспарлап отыр

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық туристік визаның консулдық жиналымдарын азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанада туризм және спорт вице-министрі Қайрат Әйтекенов хабарлады. Ресми мәлімет бойынша соңғы 5 жылда Қазақстанға келген шет елдік туристердің және шет елде болып қайтқан қазақстандық туристердің саны 4 есеге өскен.
Осы мәселеге байланысты консулдық жиналымдарды азайтуды көздейтін қаулы жобасын министрлік үкіметке жіберді. Оның айтуынша 3 айға ескерілген визадан консулдық жиналымдарды 5-10 долларға ал 2 және 3 еселік визадан 10-20 долларға азайту көзделген. Министрлік өкілдерінің айтуынша үкімет туристердің Қазақстанға көптеп келуіне жағдай жасайтын қаулыны құптауға тиіс. Ал, жаз түскен сайын Қырғызстанмен Түркияда дем алатын Ботагөз Иманбалинованың айтуынша Еуропалық елдерде визаның машақаты аз. Біріншіден, арзан, ал, кейбір елдерде мүлде визаның қажеті жоқ, дейді ол.

Жазғы маусымда әдетте Еуропа елдерін аралайтын Серік Исабековтың айтуынша үкіметтің консулдық төлемді азайтуды жоспарлап отырғаны дұрыс:

- Оның өзі қуанышты жаңалық. Бізге Астанада тұрып шет елге шығу үшін визаны жасату керек ол үшін Алматыға барамыз және оны бір аптадай күтіп жату керек. Оның өзі бізге ақша жағынан қиынға түседі. Алматыда виза 50 доллар, оның уақытына мерзіміне байланысты, егер, дем алатын уақыт ұзағырақ болса онда 100 доллар төлейсің.

Қазір ағылшын тілін үйреніп жүрген турист Ляззат Қайыржанованың айтуынша қазсқатндықтарды шет елге шығуға емес қазақстанда қалуына жағдай жасау керек:

- Консулдық жиналымдардың азайтылғаны жақсы, бірақ, менің ойымша әр адам шет елге шыққанда мылқау болып қалады. Франкфурт әуежайында мен болдым, еш нәрсе айта алмай сөлей алмай қалдым. Өйткені тіл білмейсің, сондықтан мен ойлаймын сол шет елге шығарып көп әрекет жасағанша өзіміздің елде туризмді дамытып жерсе, сонда өз елімізде еш визасыз адам дем алуына мүмкіншілік болатын еді.

Жаз түскен сайын Қырғызстанмен Түркияда дем алатын Ботагөз Иманбалинованың айтуынша Қырғызсатнда визаны әуежайдың өзінде 50 долларға алуға болады ал Түркияда визаның мүлде қажеттігі жоқ біз отбасымызбен болдық елестетіп көріңіз егер виза қажет болса мен өзіме күйеуіме балаларыма төлеп шығындалып уақытцымды кетіретін едім дейді ол.

Жазғы маусымда әдетте Еуропа елдерін аралайтын Серік Исабековтың айтуынша туризмді дамыту үшін әліде жағдай жасау керек:

- Германия жаққа барғанда Еуропада Шенген визасын арзандатса ол қолайлы. Жай виза бір-ақ мемлекетке, ал Шенген визасымен 5 мемлекетті аралауға болады. Мысалы біз барғанда сомен бардық, бірақ, ол қымбат.

Қазір шенеуніктер Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен визалық жұмыстар төңірегінде келісссөздер жүргізуде. Егер, дамыған елдердегідей визаларды шет елдік азаматтарға әуежайларда беретін болсақ, туристердің ағымы көбеетіні белгілі, дейді мамандар. Мысалға көршілес Қырғызстанды келтірсе болады. Онда әуежайдан шықпай-ақ, 50 доллар төлеп виза алуға жағдай жасалған.