Ахмединежад Бушқа жазған хатында сын айтқан

Иран президенті АҚШ президенті Джордж Бушқа жолдаған хатында батыстық үлгідегі либерализм мен демократияны жүзеге асыра алмай отыр деп айыптаған. Махмуд Ахмединежадтың бұл хаты 1979 жылдан бері екі елдің жетекшілері арасындағы бірінші формалды байланыс. Ол хат қоғамға ашық жарияланған жоқ. Бірақ, Иранның ядролық мәселелер бойынша өкілі Али Ларижани

“Менің пікірімше, бұл хатқа біраз уақыт керек сондықтан ол дипломатиялық бағытта жүріп, сосын ақпаратқа тарайтын болады”, - деген Ларижани.

Ассошейтей пресс ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, ол хатта сонымен қатар, АҚШ-тың Израйлге қолдауы мен Құрама Штаттардың Ирақты басып алуы сыналған. Ол құжатта Батыс пен Иранның ядролық бағдарламасы турасындағы талқылаулар жайында азғана айтылған.