Бейсенбілік баспасөзде Алматыдағы Фурманов көшесін саясаткерлер А.Сәрсенбайұлының атымен атау туралы бастама көтерілді. «Базарда туылған бала» және «Инфляцияны мойындаған Үкімет басшысы» атты мақалалар да бүгінгі газет бетінде жарық көрген.
«Жас Алаш» газеті Алматыдағы ең үлкен көшелердің бірі – Фурманов даңғылы А.Сәрсенбайұлының атымен өзгертілуі керек деген бастама көтерді. «Сәрсенбайұлы кім, Фурманов кім?» деп аталатын мақалада: «кезінде Алматы «коммунистерден» арылтып, қала көшелеріне қазақтың батыр ұлдарының, би-шешендерінің атын беру жолында үлкен қызмет атқарған Заманбек Нұрқаділовке Достық даңғылын бергеніміз әділдік болады. Қаладағы аты өзгермей қалған жалғыз көше – Фурманов. Бұл көше «Алтынбек Сәрсенбайұлы көшесі деп атауға әбден алайық», делінген. Әрі қарай мақала авторы Фурманов туралы қысқаша баяндап өтіп, «бүгінде Зәкең мен Алтекеңнің атына көше беру жөніндегі бастаманы халық қызу қолдап отыр. Акция басталып та кетті. Ендігі керегі – Алматы қаласының әкімі мен мәслихатының, одан әрі де Ақорданың жауабы ғана. Егер осы екі көшенің атын өзгерте алсақ, бұнымыз марқасқа азаматтардың адал еңбегінің ресми түрде мойындалғаны болар еді» деп түйіндейді «Жас Алаштағы» мақаласында.
«Ел баяғыда ескерген инфляцияны Ахметов енді мойындады» деген бағанамен басталатын мақала «Айқын» газетінде басылды. «Үкімет басшысы Д.Ахметовтің Парламентке келуге өз еркімен сұранғанын естіген көп депутат көңілдері қатты алабұртып, мерекелік демалыс күндерінің тезірек аяқталуын асыға күтіпті. Үкімет жетекшісінің млйындауынша, инфляция бізді 20 жыл кейінге «лақтырып», Кеңес Одағы кезеңіне «алып кетіпті». Яғни халықта қажетті қаржылық қор пайда болды, бірақ оны тауарлық қамту жоқ. Осыдан 20 жыл бұрын осы мәселе үнемі басымызды ауыртса, енді ол қазіргі күнге қайта оралып отыр» », деп жазады «Айқын» газеті.
Аталған газеттегі инфляция тақырыбына қатысты тағы бір мақалада былай делінген: «Ұлттық валютаның ревальвациясы жағдайында инфляцияның өсімі болмай қоймайтын келеңсіз құбылыс. Осы уақытқа дейін оны тізгіндеудің екі жолы қолданылды: теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование); ішкі айналымдағы басы артық халықаралық валюталарды сатып алу. Бұдан былай бұл екі жол да пайдасынан гөрі, зиянды бола түспек. Өйткені, салмақтана түскен теңге үстеп қоректендіруге мұқтаж емес екендігі түсінікті. Ал ішкі айналымнан артық халықаралық валютаны сатып алар болсақ, айналымға артық теңге шығып кетеді де, инфляция өскен үстіне өсе түседі». «Қалай болғанда да Қазақстан абыржу туатындай жағдайды бастан кеше қоймады» деп түйіндейі «Айқын» газеті.
Ал «Эксперсс К» газетінің алғашқы бетіне басылған мақала «базарда туылған бала» туралы баяндайды. «Мәселенің мәнісі мынадай: Алматыдағы ең үлкен әмбебап базардың күзетшісі Павел Стопа түнгі екілер шамасында контейнерлер арасынан бүкшеңдеген біреуді байқап қалады. Жақындап қараса босанғалы жатқан әйел екен. Тез арада жедел қызметті шақырып, нәрестені өзі қабылдауға кірісіп кетеді. Абырой болғанда базар кезген әйел жақсы босанып, кіндік әке атанған күзетші ана мен баланы жарты сағатта жеткен жедел жәрдемге отырғызып жібереді. Артынан белгілі болғандай, базарда босанған әйел Қазақстанға нәпақа табу үшін Қарақалпақстаннан келіпті. Бұл үшінші баласы екен. Отбасы Нүкісте қалыпты. Босанар сәтін сезген әйел амалы қалмаған соң базар маңындағы қоқырсық төгетін жерге аяңдаған көрінеді. Жарты жолда күзетші кезігіп, бала мен ананы аман сақтап қалыпты», деп жазады «Экспресс К» газеті.
«Бала денсаулығына жауапты - Ана» деп аталатын мақала «Алтын Орда» газетінде басылды. Онда бала дәрігері бала тәрбиесіне қатысты көпшілік біле бермейтін мәліметтер келтіреді. Мысалы, «Сәбидің туғаннан көзінің көрмейтінін қалай білуге болады?» деген сауалға маман былай деп жауап береді: «Сәби қырқынан шыққаннан кейін әрнәрсеге назарын аударып қарайтын болады. Дыбыс шыққан жаққа басын бұрып, елеңдеп көз салады. Әсіресе ашық заттарға баланың көзі көп қадалады. Егер балаңыздың көзінің көру мөлшерін анықтағыңыз келсе, түрлі-түсті ойыншықты көзінен 70 см қашықтыққа ұстап, қозғалтып көріңіз. Бұндайда жақсы көретін бала ойыншықпен бірге басын қозғалта бастайды. Ал көзінің көруі нашар бала сіздің қимылдарыңызға қыңқ демейді». «Бесікке түрлі моншақ, ойыншықтарды байлап қою - өте қате нәрсе. Өйткені тым жақыннан байланған ойыншық баланың көру жүйесін бұзады» деп жазады «Алтын Орда» газеті.