Белорусия оппозициясының жетекшісі Миленкевич абақтыдан шықты

Минскіде билікке қарсы шеруге қатысқаны үшін түрмеге жабылған оппозиция жетекшісі Александр Миленкевич бүгін 15 күндік жазасын өтеп шықты. Ол сәуірдің 26-сында, Чернобыль апатының 20-жылдығына байланысты үкіметке қарсы шеруге қатысқан болатын. Миленкевич наурыз айындағы президенттік сайлауда президент Александр Лукашенконың қарсыласы болған.