Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған қантөгісті қырғынға бір жыл болды

Қырғызстанмен шекаралас аймақтағы Қарасу қаласында сенбіде өткен жылғы қырғында қаза тапқандарды еске алу жиыны болып өтті. Шерушілер былтыр мамырдың 13-інде оққа ұшқан бейкүна азаматтарды еске алуға шақыратын жалаулар алып шықты. Бірақ, жарты сағат өтпей жатып, оларды полиция күшпен таратып жіберді. Сондай-ақ, Әндіжан қырғынын еске алу шаралары Нью Йорк, Стамбул, Киев және Ташкент қалаларында өтті. АҚШ Әндіжандағы қантөгісті оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізу қажет дейді.