ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш Мексика шекарасына 6 мыңға жуық ұлттық ұланның шоғырландырылатынын хабарлады. Ақ үйде сөйлеген сөзінде Буш ұлттық ұланнның оңтүстікке шекара сақшыларына Мексикадан ағылған заңсыз иммигранттардың толқынан тоқтатуға көмек беру үшін уақытша жіберілетінін атап көрсетті. Оның айтуынша, кейінірек шекара қызметі күшейтіліп, міндетін өзі орындай алатын болады.