БЕСЛАН. Бүгін Солтүстік Осетияның Жоғарғы сотында Беслан мектебін басып алғандардың ішінен жалғыз тірі қалған лаңкес Нұрпаша Кулаевқа шығарылған үкімді оқу сәрсенбі күні жалғасатын болды. Сот Кулаевты “лаңкестік қастандықты іске асырды”, “адамдарды кепілдікте ұстады және ұйымдасқан топтың құрамында кісі өлтірді” деп таныды. Ол өзінің кінәсін мойындамайды. “Прокуратура оны өлім жазасына кесуді талап етуде. Сот үкімін оқу бірнеше күнге созылатын тәрізді.