Ингушетияда лаңкестік жарылыс салдарынан жеті адам опат болды

Қаза тапқандардың арасында İшкі істер министрінің орынбасары Жабраил Костоев бар, оның өміріне бірнеше рет қастандық жасалған болатын. Жарылыс бүгін таңертеңгісін Ростов-Баку жолында орын алған. Бұл жанкештілік жарылыс немесе жарылғыш зат қашықтықтан басқару арқылы іске қосылған деген болжамдар бар. Қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде.