БҰҰ плутоний және байытылған уран өндірісін тоқтату жөніндегі жаңа шарт жобасын ұсынып отыр

Плутоний мен уран ядролық бомба жасауда пайдаланылады. БҰҰ-ның Женевадағы конференциясында сөз алған АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Реймакер:

- Біздің бұл жоба қабылданатын болса, ядролық қарулар, ядролық жарылғыштар үшін қажетті заттардың өндірісіне тыйым салынатын болады, - деді.