Ватиканда Рим папасы Бенедикт 16-шы мен орыс православие шіркеуі жетекшілерінің бірі, Калининград пен Смоленск метрополиті Кирилл кездесті

Рим католик және орыс православие шіркеулерінің ынтымақтастығы мен олардың арасындағы кейбір пікір келіспеушіліктерді жою мәселелері сөз болған. Хабарларға қарағанда, дінбасылары отбасылық және адамзат өмірінің құндылықтарын бағалауда күш біріктіруге уағдаласқан.