Бүгін Ирақ парламенті ұлттық бірлік үкіметінің құрамын мақұлдап, бекітті, жаңа кабинет ант қабылдады

Жаңа премьер-министр Нури Камил әл-Малики парламенттің арнайы сессиясында кабинет құрамын депутаттар назарына ұсынды. Шииттер өкілі Әл-Малики өзінің қосымша ішкі істер министрі қызметін уақытша атқаратындығын айтып, премьер-министрдің орынбасары, суннит Салам әл-Заубаи, уақытша қорғаныс министрі міндетін де атқарады деді. Күрд Барам Салех премьер-министрдің орынбасары және ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі уақытша министр болды. Мұнай министрі болып, бұрын парламент спикерінің орынбасары болған, шиит Хусейн Шахристани бекітілді. Сыртқы істер министрі, күрд Хошияр Зебари өз қызметінде қалды. Ирақта жаңа үкіметті жасақтау барысындағы келіссөздер бірнеше айға жалғасты. Ал бүгін Ирақта бомба жарылыстарында кемінде 24 адам опат болды.