Иран Еуропа Одағы елдерінен өзінің “барлық құқын ескеруді” талап етеді

ТЕҺРАН. Бүгін Иран уранды байыту бағдарламасынан бас тартпайтынын тағы да мәлімдеп отыр. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефидің қайталап айтқанындай, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжалды реттеуге бағытталған Еуропа Одағының кез-келген ұсынысы Иранның “барлық құқын ескеруге тиіс”. Еуроодақтың үш елі – Германия, Франция және Ұлы Британия – Иранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіру үшін оған тиімді ұсыныстарын дайындау үстінде.