МӘСКЕУ. Ресейдің энергетика министрі Виктор Христенконың мәлімдеуінше, Мәскеу мен Еуроодақтың мұнай саласындағы сауда байланысы “тым саясаттанып кеткен”. Еуропа Одағының энергетика мәселесі бойынша арнаулы өкілі Андрис Пибалгске және Аустрияның экономика министрі Мартин Бартенштайнға жолдған хатында ол мұнай-газ мәселесі бойынша екі жақты пікіралмасу “әлдеқайда объективті де нақты” болуға тиіс” деп атап көрсетті. В.Христенко осы хатымен Еуроодақтың газ саудасына байланысты жуылдағы жанжалға түсініктеме беруді өтінген сауалына жауап қайырды.