Тәуелсіздігін қайта алған Черногорияны көрші елдер құттықтай бастады

ПОДГОРИЦА. Бүгін Черногорияның Сайлау комиссиясы кешегі референдумның бастапқы қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, дауыс бергендердің шамамен 55.5 пайызы елдің тәуелсіздік алуын қолдаған болса, 44.6 пайызы – республиканың Сербиямен арадағы одақ құрамында қалғанын қолдаған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы референдумға жақсы баға беріп, оның қорытындысын мойындайтынын хабарлады. Бүгін Хорватия президенті Стипе Месич Черногорияны тәуелсіздік алуымен құттықтады.