Қазақстан бітімгершілік мақсаттағы әскерлер тобын кеңейтпекші. Бұл туралы 23 мамырда Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылады.
Ирақта халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамындағы 27 адамнан тұратын Қазақстанның бітімгершілік батальоны 2003 жылдан бері әскери борышын өтеп келеді. Олар 6 ай сайын ауысып отырады. Бұл сарбаздар территориядағы жарылғыш заттарды залалсыздандыруға және жергілікті тұрғындарға ауыз суды тазартуға жауапты және Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай бұл сарбаздар әсери қақтығыстарға қатыспайды. Бірақ, Ирақтағы бітімгершілік миссиясы барысында «Қазбат» бір сарбазынан айырылған. 29 жасар капитан Қайрат Құдабаев жарылғыш заттарды түсіру барысында қаза болды, деп хабарланды. Ауғаныстан соғысына қатысқан Қазақстан Парламентінің бұрыңғы депутаты Хамит Әмірқожиннің сөзіне қарағанда, қазбаттың Ирактағы бітімгершілік миссиясы жалпы орынды болғанымен, жауынгерлердің мәртебесінің анықталмауы үлкен олқылық:
- Мен өзім Ауғанға соғысқа қатысқам. Бір жағынан олар үйренеді, сол қиын жағдайда. Бірақ, бір жағы маған келмейді. Ол жігіттерде статустары жоқ.
Ал, Қазақстанның қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Әбіш Смайыл Ирақтағы қазақстандық жауынгерлердің мәртебесі туралы ақпарат беруге дайын емеспін деп жауап берді. Ауғаныстандағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың пікірінше, Ирақтағы бітімгершілік батальоны үшін, ешбір әлеуметтік кепілдіктер ескерілмеген. Сол соғыстың ардагері, қазір Ирақта жүрген Қазақстандық сарбаздар сияқты, кезінде жарылғыш заттарды залалсыздандырған Қасен Исатаевтің ойынша, Қазақстандық жауынгерлер үшін, қауіп жоқ деген сөз шындыққа ұласпайтындығы қазір дәлелденді:
- Ешкім үстемақы төлемейді. Мен 2 жыл Ауғаныстанда болдым, саперный ротада. Әр адымың, сенен бірдеңе қала ма қалмай ма, белгісіз.
Астана жұртшылығы өкілдерінің пікірінше, қазақстандық жауынгерлерді о баста бөтен елге жіберудің қажеті жоқ болатын:
- Қазіргі көзқарас бойынша, бұл бейбітшілік үшін соғыс деп саналағанымен ертең ол өзгереді. Және оның артында кім тұрғаны белгісіз. Сондықтан мүмкіндігінше мұндай соғыстарға сарбаздарды жібермеу қажет.
- Миллионмен бәрібір адам жанын келтіре алмайсың ғой. Ол өледі де кетеді. Ол миллионды бере ме, бермей ме? Сол отбастарына көмектесіп жатыр ма екен, құр ақша бергенше.
Осылайша, Қазақстандықтардың бір бөлігі Ирақтағы қазақстандық сарбаздарды елге қайтару керек деген. Ал, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай Қазақстан енді бітімгершілік отрядын кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған орай, Қорғаныс министрлігі қазақстанның бітімгершілік батальонының атауын өзгертіп қазақстандық бригада деп атайды. Бірақ, Қазақстанның қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Әбіш Смайылдың айтуынша бұл бригада Қазақстан территориясында жұмыс істейді, ал, Ирақтағы жауынгерлер саны көбеймейді:
- Қазір біздегі Қазақстан территориясында тұрған Қазақстан бітімгершілік батальоны базасында таяу болашақта Қазақстан бітімгершілік бригадасын құру қолға алынып жатыр. Ал, елімізден тысқары бітімгершілік миссиясын орындап жүрген жауынгерлердің саны сол өзгеріссіз қалады.
Министрлік өкілі хабарлағандай бұл ақпарат Қазақстандық делегацияның АҚШ-қа барған сапарынан кейін пайда болған. АҚШ жағы «Қазбригты» ұымдастыруға қолдау көрсетуге дайын. Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембиновпен АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Гордон Ингландпен, мемлекеттік хатшының орынбасары Николас Бернс арасында өткен кеңес келіссөздерінде күшейтілген инженерлік-саперлық және медициналық негізіндегі қазақстанның бітімгершілік бригадасын дамытуға қолдау көрсету ұсынысы қолдау тапты. Айта кететін жайт, жалпы соңғы 5 жылда Қазақстанның қорғаныс министрлігі АҚШ-тан 31 миллион доллар көлемінде көмек алған. Қазақстанның қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Әбіш Смайылдың айтуынша Қазақстан жағы АҚШ-тан тағы 5 жылға қолдау алуға келіскен:
- Генерал-лейтенант Сембинов басқарып барған делегация сапарының барысында кезекті бес жылдық жоспарды даярлау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Ол қорғаныс саласындағы біздің ынтымақтастық бағдарламалардың санында сапасында кеңейту көзделеді. Айтып отырғой, Америка тарабы қазіргі заманғы әскери техникамен жабдықтар жеткізеді, соның ішінде қазақстандық бітімгершілік күштерді және аэроұтқыр әскерлерін НАТО стандарттары бойынша бұдан әрі жабдықтау ісі жалғасатын болады.
Осы келіссөздер барысында «Қазбригтың» негізгі жұмысын Ирақтың жаңа қарулы күштерінің мамандарын үйрету үшін өзгерту мәселесі қаралды деп хабарланады. Қазақстанның қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Әбіш Смайылдың айтуынша «Қазбат» қызметіде кеңейген. Олар Ирақтың жаңа қарулы күштері үшін мамандар дайындайды. Қазірдің өзінде инженерлік-саперлық іс бойынша 60-тан астам маман оқытылған деп хабарланады.