Бүгін Ресейдің жетімдер үйінен асырап алған екі жасар қызды ұрып өлтірген американдық әйел 25 жылға бас бостандығынан айрылды

Солтүстік Каролиналық Пегги Сию Хилт 2005 жылдың шілдесінде кішкентай Нина Хилтты қатты ұрып тастаған соң, келесі күні кішкентай қыз жан тапсырған. Сию Хилт жергілікті полицияға қыз жылап қоймай қойған соң қатты ашуланып кетіп оны ұрып-соғып, тепкенін мойындаған. Сөйтіп, 16 айға толған ресейлік сәбиді асырап алған американдық әйел оны ұрып өлтірген. Айыптаушылар бұл әйелді ауыр жазаға тартуды сұрап, ол 25 жылға түрмеге жабылды. Бұл жағдай Ресейдің шетелдіктерге асырауға бала беру жағдайын қатаң шаралармен қамтып, заңдарын күшейтуіне түрткі болды.