Қазақстан 25 мамыр күні таңертеңгісін Атасу - Алашаңқай – Душаньцзы мұнай құбыры арқылы Қытайға мұнай тасымалдай бастады деп хабар таратты Қытайдың «Xinhua» агенттігі. Алайда, Қазақстан жағы бұл толық ақпарат емес деп отыр.
Қытайдың «Xinhua» агенттігіне сілтеме жасаған бірқатар халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары, Қытай шекарасына дейінгі мұнай құбырының тармағы 900 шақырымнан асатынын хабарлады. Мамандардың бағалауынша, Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды қосатын мұнай құбырының жалпы құны 3 миллиард доллар. Жаңа құбыр бойынша жыл сайын Каспийден 20 миллион тонна мұнай тасымалдау жоспарланған. Содан соң бұл мұнай Қытайдың батысындағы Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданында және Ганьсу облысында өңделеді. Бірақ, мамырдың 25-күні «Азаттық» тілшісімен болған әңгімеде, «Қазтрансойл» компаниясының баспасөз хатшысы Раиса Самақова әзірге Қытайға мұнай тасымалданып жатқан жоқ, тек құбырды толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп қысқа қайырды.
Каспий жағалауы мемлекеттерінің ортақ проблемасы - мұнай тасымалдау дейді сарапшылар. Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жыл сайын 150 миллион тонна мұнайды әлемдік базарға шығаруға мүдделі. Оның үштен екі бөлігін қазіргі мұнай құбырларымен тасымалдауға болады. Бірақ, тағы 45 миллион тонна мұнайды сыртқа шығару мәселесі туындап отыр. «Қазмұнайгаз» компаниясының мәліметі бойынша, Қазақстан үшін Қытай да ең тиімді нарықтардың бірі. Сондықтан «Атасу-Алашаңқай» құбырына да көп үміт артылған. Қазақстандағы «Мұнай» институтының директоры Надир Надиров, жаңа мұнай құбыры тек жыл соңында іске қосылады деген болжам айтады.
Бұған дейін, Қытайдың мемлекеттік одағының қасындағы даму институтының директоры Ли Фэнлинь алдағы 20 жылда Қазақстанның мұнай саласы Қытай үшін ерекше базар болмақ деген болатын. «Қазмұнайгаз» сауда үйінің жазбаша берген мәліметіне сүйенсек, Қазақстан үкіметі транзиттік төлемдері ең арзан бағыттарды іздейді. Әзірге Каспий мұнайының едәуір бөлігі «Теңіз-Новороссийск» бағытындағы құбырмен тасымалданып жүр. Бұл құбыр қазір Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерін Ресей транзитіне тәуелді етіп отыр, дейді жергілікті сарапшылар. Экономист Уәлихан Қайсаров, Қазақстан тасымал мәселесін шешсе, мұнай табу көрсеткіштерін тағы ұлғайтатын еді деген пікір білдірді. «Мұнай» институтының директоры Надир Надировтың айтуынша, осы құбыр туралы әңгіме қозғалғанда Ресей қарсы болған.
«Ал, қазір құбырды бұрып жіберуге болады. Сондықтан, Ресейде қазір риза», - дейді ол.
Қытайға апаратын мұнай құбырының соңғы нүктесі сол елдің батысындағы Алашаңқай қаласында. Ал, бұл аймақтың экономикалық дамуы Қытайдың басқа аймақтарымен салыстырғанда жоғары емес, дейді бақылаушылар. Қытайдың бұл өңірі қазір мұнай тұтыну көрсеткіштерін жергілікті шикізатпен толтырып отыр. Сондықтан, жуық арада Қытай бірнеше миллион тоннаға жуық мұнай тапшылығын сезіне бастайды деген жорамал жасайды қазақстандық экономистер.