АҚШ президенті Буш егер Техрон өз уран байыту жұмысын тоқтатса Иранға қажетті көмек беру мәселесін қарастырамыз деп тағы да қайталады

– Иран басшылары келісссөздерден қашып отыр. Бірақ біз Иранның әлемдік қауымдастықтан оқшауланып қалмасы үшін тағы да өзге жолдарды іздеп көруіміз керек. Ол үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесімен қызметтес болғанымыз жөн, - деді АҚШ президенті.

Алдағы аптада АҚШ, Британия, Ресей, Қытай, Франция және Германия ресми өкілдері Ирандағы ядролық бағдарламаға байланысты тиісті келісім көмегін беру немесе санкция жариялау мәселесін талқыламақ.