Венада Еуропаның Конституциясы туралы мәселе қаралады

Бүгін Венада Еуро Одақтың сыртқы істер министрлері Еуропаның келешегі туралы екі күндік басқосу өткізеді. Бұл кездесу өткен жылы Одақ елдерінің интеграциясына әкелетін Еуропа одағының конституциясын Франция мен Нидерланды қабылдамай тастағанына орай өтпекші.