Сенбі күні Мәскеуде ресейлік және шетелдік гейлердің шеру өткізуіне қарсы полиция, діни және ұлтшыл қарсыластар тосқауыл қойды. Мәскеудегі жыныстық азшылық топтар - гомосексуалдар Кремльдегі “белгісіз әскер” ескерткішіне гүл қоймақшы болғанда, полиция саябақтың қақпасын жауып ұлтшылар мен скинхедтер және діни белсенді топтар гейлерге жол бермей, оларды ұрып-соққан. Полиция оларды ажыратып, гомосексуалдар мен қарсыластарды қосқанда 120 адамды қамауға алған. Олардың ішінде гейлердің жетекшісі Николай Алексеев те болған. Ол шерудің алдында өткізген баспасөз мәслихатында, былай деген:
“Біз бейбіт шеру өткізбекшіміз, біз бұл қоғамда өзіміздің бейбіт адамдар екенімізді көрсеткіміз келеді. Және біз елдегі басқа да азаматтар сияқты біздің де құқымыз бірдей екенін көрсетейік дегенбіз”.
“Біз бейбіт шеру өткізбекшіміз, біз бұл қоғамда өзіміздің бейбіт адамдар екенімізді көрсеткіміз келеді. Және біз елдегі басқа да азаматтар сияқты біздің де құқымыз бірдей екенін көрсетейік дегенбіз”.