Бүгін Ауғаныстан президенті Хамид Қарзай екі күндік сапарымен Техранға барады

Қарзайдың аймақтағы жағдайларды сөйлесу үшін Иран президенті Махмуд Ахмединежадпен және Иранның рухани жетекшісі Аятолла әл Хаменеймен кездесулері жоспарланған. Осы айдың басында Қарзайдың өкілі Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі талқылауларды реттеуде Ауған президенті АҚШ пен Иран арасында арағайындық жасайтын болады деп айтқан. Бірақ, Иранның сыртқы істер министрі сенбі күні Иранның ядролық бағдарламасы туралы кездесудің күн тәртібінде жоқ деген.