ВАШИНГТОН. АҚШ-тың Гуантанамо соғыс базасындағы түрмесінде отырып аштық жариялаған тұтқындардың қатары 3-тен 75-ке дейін өсті. АҚШ армиясы өкілінің сөзіне қарағанда, осылайша наразылық білдіргендердің қатары әсіресе соңғы айда күрт өскен. Аштық жыл басынан бері жалғасып келеді. Гуантанамо тұтқындары түрмедегі жағдайларына қарсылық білдіруде.