Өзбек үкіметі әкесінің ізінше ұлын да түрмеге жапты

ТАШКЕНТ. Өзбекстанның түрмеде отырған адам құқын қорғайтын белсендісінің ұлы - Ильһом Зайнабиддиновке – “жалған қырғыз және өзбек ақшасын жасады” деген айып тағылды. Өзбек ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, оның қамауға алынуы - әкесінің адам құқын қорғаған ісіне ешқандай қатысы жоқ. Бірақ тәуелсіз “Фергана.ру” интернет-басылымының пікірінше, Ильһом адамның құқын қорғау қозғалысының өкілдерімен байланысы үшін тұтқындалып отыр. Ал оның әкесі ресми биліктің Әндіжандағы халық толқуын қанға тұншықтырып басқанын хабарлағаны үшін түрмеге жабылды.