БРЮССЕЛЬ. Егер Черногория Сербиядан бөлінетін болса, оның Еуроодаққа мүше болып қабылдануы дереу шешіле қоймайды. Кеше Черногорияның премьер-министрі Мило Джукановичпен бірге Брюссельде өткізген баспасөз-маслихатында Еуропа Комиссиясының Еуроодақты кеңейту мәселесіне жауапты мүшесі Олли Рен осылай деп мәлімдеді. Рен мырза Черногория басшылығын Сербиямен дереу келіссөзге отыруға шақырды. 21-інші мамыр күні Черногорияда тәуелсіз мемлекет құру мәселесі бойынша референдум өтіп, халықтың жартысынан көбі оны қолдап дауыс берді.