Ирақта тағы 45 адам құрбан болды

Ирақтың Хилла қаласында орын алған жарылыстан кемінде 12 адам қаза тауып, 32 кісі жараланды. Ал Бағдадтың әр жерінде болған жарылыстардан кем дегенде 31 адам құрбан болды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің екі қызметкері оққа ұшты. Басқа да хабарларға қарағанда, АҚШ әскері Әл-Анбар провинциясындағы тәртіпті орнату мақсатында Ираққа қосымша 1500 жауынгерін жіберді.