Молдованың Днестр аймағы өз тәуелсіздігіне қол жеткізе ме?

Молдованың Днестр аймағының басшысы Игорь Смирнов қыркүйек айына дейін осы өлкенің тәуелсіздігіне қатысты референдум өткізуге шақырмақшы. Смирнов мырза Черногорияда өткен дауыс беруді мысал ретінде келтіре отырып, дау-жанжалдарды осындай референдум арқылы шешуге болады деді.