Маусымның 1-күні Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Әбдрашит Жүкенов қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты қылмыстық істі Алматы облыстық соты қарайтын болып шешілді деп мәлімдеді. Алматы облыстық соты бес күннің ішінде сот үдерісінің қашан басталатынын айтуы керек дейді Әбдрашит Жүкенов. Алматы облыстық соты Талдықорған қаласында орналасқандықтан, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған-туыстары Алматы облыстық сотына сот отырысын Алматыда өткізу жөнінде өтініш түсірмек.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Әбдрашит Жүкенов бейсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында «Нағыз Ақ Жол» партиясының тең төрағасы, қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты қылмыстық істі қай соттың қарайтындығы жөнінде 31 мамырда шешім шығарылғанын хабарладыі. Оның сөзіне қарағанда, қылмыстық істер жүргізу кодексінің 293-294 баптарының талаптарына сай әскери сотта немесе қылмыстық іс жасалған жерде қаралуға тиіс.
– Сәрсенбайұлы, Журавлев, Байбосын Алматы облысы Талғар ауданы Көктебе ауылының екінші бөлімшесі аймағында өлтірілген. Қылмыс осы ішкі істер органдарында тіркелген. Сондықтан аталған қылмыстық істі қарауды Алматы облыстық сотына бердік, - деді Әбдрашит Жүкенов.
Ал қылмыстық істің әскери сотта қаралмауының себебін Жоғарғы соттың өкілі Әбрашит Жүкенов төмендегідей түсіндіреді:
- Қылмыс кезінде әскери қызметкерлер болған айыпкерлер Әбікенов, Едігеев, Еспенбетов, Ералиев, Тәжі және Қасымов қылмыстық істі әскери сотта емес қылмыс жасалған жердегі азаматтық сотта, яғни Алматы облыс сотында қаралсын деген өтініш білдірді. Осы өтінішті қарап, Жоғары сот қылмыстық істер жүргізу кодексінің 297 бабының талаптарын басшылыққа алып, істі қарау үшін Алматы облыстық сотына жіберді.
Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы қылмыстық істі Алматы облыстық сотына жіберуіне байланысты «Азаттық» радиосына былай дейді:
- Жоғарғы соттың қылмыстық істі Алматы облыстық сотына жіберуі - ол формальдық жағынан дұрыс. Қанды оқиғаның болған жері Алматы облысының аумағы. Бірақ, заңға жүгінетін болсақ, онда ол сот Алматыда да өтуге тиіс. Қылмыс негізінен Алматы қаласында басталды. «Арыстанның» адамдары Алматы қаласының ішінде ұрлап әкетіп отыр.
Алматы облыстық соты Талдықорған қаласында орналасқан. Дегенмен істі қарайтын судьялар бес күннің ішінде сот отырысының қай жерде өтуін анықтауы қажет. Ал заңгер, сарапшы Мұстақым Төлеев Жоғарғы Соттың шешіміне байланысты «Азаттық» радиосына мынадай пікірін жеткізді:
- Заң талаптарына сәйкес дұрыс. Себебі, өте ауыр қылмыстық әрекеттер Алматы, Астанада немесе облыс соттарында қаралады. Ал оқиға болған жер Талғар ауданы ғой, қалада емес. Сондықтан, Жоғарғы сот қай сотқа жіберсе, сонда қаралады.
Дегенмен марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы қылмыстық іске қатысты сот үдерісі Алматы қаласында өтуі тиіс деп есептейді:
– Қылмысқа қатысушылардың бәрі Алматы қаласында тұратындар. «Арыстан» субьекті ретінде Алматы қаласында орналасқан. Жәбірленуші жақ та - Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Василий Журавлевтың екеуі Алматы қаласының тұрғындары.
Жоғарыдағы жағдайларды есепке ала отырып Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары сот отырысын Алматыда өткізу жөнінде Жоғарғы Сотқа және Алматы облыстық сотына талап –арыз түсірмекші.
- Егер сот отырысы Талдықорған қаласында өтетін болса, онда билік шындықты білмесін деп отыр. Сотқа қатысқан адамдар ненің не екенін көріп отырады ғой. Және бұл жоғарыдан болған тапсырманың сотты қалайда тезірек өткізу, қылмыс жасады ма, жасамады ма, дәлелденген-дәлелденбегеніне қарамастан қысқартып жауып тастауды көздеген билік басындағылардың ұйғарымы деп есептеймін, – дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Заңға сәйкес сот отырысы іс келіп түскеннен кейін 15 тәуліктен кешіктірілмей өткізілуі тиіс екен.
Алтынбек Сәрсенбайұлы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін он жылдан астам мемлекетте жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Өмірінің соңғы жылдарында оппозициялық «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы болды. Ол үстіміздегі жылы ақпанның 12-де көмекшілерімен бірге белгісіз қаскүнемдердің қолынан қаза тапты. Тергеу ісінің қорытындысы бойынша, Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген адам ретінде - Парламент Сенаты аппаратының басшысы болған Ержан Өтембаевқа айып тағылып отыр. Алайда, Алтынбек Сәрсенбайұлының жақтастары мен туған-туыстары бұл қорытындымен келіспейді.