Ауған өкіметі İшкі істер мекемесіндегі басшылық қатарын ол орынға лайықсыз қызметкерлерден тазаламақ

Оған себеп, соңғы күндері Қабулда шетелдік одақтас күштерге деген қарсылық шерулері жиілеп кеткен. Министрлік мәліметіне қарағанда, полиция басшылығынан 86 кісі жұмыстан кетеді. Бұл 2001 жыл талиптер билігі құлағалы бергі ең үлкен ауыс-түйіс болмақ. Олардың арасында Қабул полициясының басшысы генерал Абдул Жұмбеш те бар. Мамырдың 29-ында АҚШ әскери көлігі ауғандардың көліктеріне соғылып, кемінде 5 адам қаза тапқалы қалада тыныштық болмай тұр.