Черногория парламенті тәуелсіздік декларациясын қабылдады

Сербия және Черногория одағы таратылды. Тәуелсіздік референдумы 21 мамырда өткен, сайлаушылардың 55 пайызынан астамы Сербиядан бөлініп шығуды жақтады. Ел тәуелсіздігін парламент төрағасы Ранко Кривокапич жария етті. Сербия және Черногория 1990 жылдарда ыдырап кеткен бұрынғы Югославиядан соң бір-бірімен одақтасқан жалғыз екі ел болатын.