Ауғанстан полициясының бір топ жоғары басшысы орындарынан алынды, ұзын саны 86 басшы ауысуға тиіс. Олардың арасында Қабул полициясының бастығы генерал Жәміл Жүнбіш аталды. Осыдан бірнеше күн бұрын Қабул қаласында АҚШ әскери көлігінің себебінен жол апаты орын алған, оның арты бүлікке ұласқан болатын.