Ирақта 40 адам қаза тапты

Жексенбі күні Ирақта орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 40 адам құрбан болды. Бағдадтың сотүстігіндегі қалашықта қарулы адамдар 24 қарапайым тұрғынды өлтірді. Полицияның айтуынша, құрбан болғандардың арасында студенттер, балалар мен қариялар болған. Ал Бағдадтың өзінде 20 кісінің мәйіттері табылған. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хуссейнге қатысты сот үдерісі бүгін одан әрі жалғасады. Хуссейн мен тағы басқа 7 айыпталушыға 1982-ші жылы Дужаилда 148 шиітті өлтірді деген айыптар тағылған.